Алматы, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
18 сәуірде сағат 14:30-да 101 пультіне Алатау ауданындағы Ақкент ш/а тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарланған. Оқиға орнына ТЖД-нің бірнеше өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары дереу жіберілген.
Құтқарушылар келген бойда жалпы алаңы 10 ш. м. 7-қабатында орналасқан пәтердің балконы ашық жалынмен жанып жатқан және 8-9 қабаттарға таралу қауіпі анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің жасағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралармен 7 адам құтқарылып, 65 адам эвакуацияланды, оның ішінде әйелдер мен балаларбар. Өрт 15:02-де сөндірілді,-делінген хабарламада.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Сонымен қатар ТЖД Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ұсынады: электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, балкондарды жанғыш материалдармен қоқыстамаңыз және темекі шекпеңіз.