Алматының Наурызбай ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған ауданның көпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады.
Аудан тұрғындары арасынан 7 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 16 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Бүгін аудан әкімі Назира Асылбекқызы ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған ауданымыздың бірқатар көп балалы аналарын құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады. Аналармыздың арасында дара кәсіпкерлер, үй шаруасындағы әйелдер, аспаздар және балабақша меңгерушілері бар. Ауданымыздың тұрғындары 7 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 16 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды», – деп хабарлайды Наурызбай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.