Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

23 Қараша 2023, 12:44
1566
Бөлісу:
Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады
Фото: видеодан кадр

Оқиға Қалдаяқов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын таратып жатыр. Кадрда алып ағаштың жеңіл көліктің үстіне құлағанын көруге болады.

Аталған жағдайға қалалық ТЖ департаменті түсініктеме берді.

Медеу ауданындағы Қалдаяқов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында ағаш құлағаны жайлы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына құтқару қызметі жіберілді. Ақпарат бойынша, ағаш көліктің үстіне құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Жол тазартылады, – дейді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өзгелердің жаңалығы