Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуға 5,1 млрд теңге қарастырылған

Бөлісу:
Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуға 5,1 млрд теңге қарастырылған
Фото: Арман Мухатов - Архив

Алматы қаласы мәслихатының VII сессиясында нақтыланған бюджет жобасы таныстырылды. Оның ішінде шаһарға тиесілі көлік инфрақұрылымының қаражаты айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтып өтті. 

Даму бағдарламасының бір бағытын іске асыру шеңберінде бірыңғай платформалық ақпараттық жүйелермен біріктірілген жайлы және қолжетімді қаланы құру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге автобус аялдамаларында 1000 ақпараттық (электрондық) табло орнату жоспарланған, – дейді Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков.

Ол өз сөзінде метро желісін ұзарту мақсатында бюджет есебінен қаражат бөлініп жатқанын атап өтті. 

Метро желісінің екінші кезегі «Б. Момышұлы» станциясынан «Қалқаман» станциясына дейінгі кешенінің құрылысы жалғасуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 275,5 млн теңге бөлу жоспарланып жатыр. «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі бірінші метро желісінің үшінші кезегінің құрылысын жобалау жұмыстарын бастауға 100 млн теңге бағытталады, – дейді Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков.

Айта кетейік, Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» шағынауданындағы жол құрылысын жалғастыруға 428,5 млн теңге жоспарланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы