Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

8 Қаңтар 2021, 14:37
2089
Бөлісу:
Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда сериялық айна ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тергеу барысында бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған 30 жастағы Р. есімді азамат  қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқаны анықталды.  Бұл жолы 54 жастағы қала тұрғыны қылмыскердің әрекетінен зардап шеккен.

Төлебаев көшесінде тұрған өзінің Лексус-570 автокөлігінен белгісіз біреудің бүйір айналарын алып тастағаны туралы З. есімді азаматша дереу хабар берді.  Осы қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті тез анықталды. Бұл бұрын осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туған Р.есімді азамат. Айтпақшы, жедел-іздестіру іс-шараларының алғашқы сағаттарында оның автокөлік айналарын ұрлаудың 10 эпизодына қатыстылығы дәлелденді. ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 

Полиция сонымен қатар, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.  Заттай дәлелдемелер – ұрланған айна, тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы