Алматыда көлік аялдамаға соғылып, жеті адам жарақат алды

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 krispi.almaty 28 Тамыз 2023 2023, 15:08
28 Тамыз 2023 2023, 15:08
1310
Фото: krispi.almaty

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше апат 28 тамызда 12:20 шамасында болған. 

1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.

Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді, – делінген хабарламада.

Наверх