Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде, ал биылғы жылы 15 қыркүйекке сәйкес келетін Қала күнін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматылықтар мен қала қонақтары «Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясында қала аудандарында өтетін түрлі мерекелік іс-шараларды тамашалаумен қатар, кешкі уақытта қаланың басты нысандарын мерекелік жарықтандыруды көре алады. Бұл жарқын көрініс барлық тұрғын мен туристер үшін мерекелік құттықтаулардың нүктесі іспетті.
Телемұнараның салтанатты сәулеттік жарықтандырылуы 30 тамызда іске қосылған болатын және келесі кесте бойынша жұмыс істейді: күн сайын сағат 20.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлармен жарықтандырылады.
Мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік видеоролик қосылады. Сағат 02.00-ден 5.00-ге дейін құрылым прожектормен жарықтандырылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Көктөбе» телемұнарасының медиа қасбеттеріндегі мультимедиялық шоу — Алматы символдары бірінің жаңарған жарықтануының бір бөлігі.