Алматыда көктайғаққа қарсы шаралар жүргізілуде

20 Қаңтар 2022, 09:45
2001
Бөлісу:
Алматыда көктайғаққа қарсы шаралар жүргізілуде

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы 2077 тонна материал себілді. Бұл туралы қаланың коммуналдық шаруашылық қызметі хабарлады.

19 қаңтар күні сағат 16.15-тен бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. 20 қаңтар сағат  07.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 20 см-ге дейін, қалада 6-8 см қар жауды.

Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде қар күреу жүргізілді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 535 бірлік техника қар тазалауға шықты, оның ішінде 208 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы. Таңертең 562 арнайы техника бірлігі, 160 құмшашқыш және 1493 жол жұмысшысы жұмылдырылды,-делінген хабарламада.

Алматыда көктайғаққа қарсы шаралар жүргізілуде

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын түске таман аяқталады деп күтілуде. Ауа бүгін  20 қаңтар күндіз +1, +3.

Өзгелердің жаңалығы