Алматыда бір жыл ішінде кикшерингтік электр скутерлермен жүру саны 2 есеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қалада кикшерингтік (бірлесіп пайдалану сервистері) скутерлер саны шамамен 17 мың бірлікті құрайды. Өткен жылы олармен 14 миллионнан астам қозғалыс жасалған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Сонымен қатар, олардың қатысуымен болған ЖКО саны 2023 жылы 35% - ға, 41-ден 27-ге дейін төмендеді.
«АlmatyBike» велопрокатының автоматтандырылған жүйесінде 800-ге жуық велосипед тіркелген, велопрокаттың белсенді пайдаланушыларының саны 1,8 мыңнан астам адамды құрады, олар бір жылда 336 мыңнан астам жол жүрген.
Айта кетерлігі, биыл Алматыда шамамен 20 км көше үшін веложол жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Мегаполисте барлығы 92 шақырымға жуық вело-инфрақұрылым жабдықталған. Веложолақтардың ұзындығы - 25 км, веложолдардың ұзындығы - 67 км.