Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

27 Мамыр 2024, 12:52
249
Бөлісу:
Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылым бұзылды. 

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды, - делінген хабарламада.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап қала бойынша 35 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

Өзгелердің жаңалығы