Алматыда кезекте тұрғандарға пәтер кілті табысталды

11 Маусым 2024, 17:29
271
Бөлісу:
Алматыда кезекте тұрғандарға пәтер кілті табысталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қоныс тойы жалғасып жатыр! Бұл жолы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын кезекте тұрған 86 адамға (ХӘОТ) Meдeu city ТҮК орналасқан 20 үйден жалға берілетін пәтер берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың мамыр айында 500-ден астам отбасы бірнеше кезеңмен баспаналы болды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан ХӘОТ кезекте тұрғандарға 2 мың жалға берілетін пәтер беріледі.

Жаңа пәтер иелері бұл көптен күткен үлкен қуаныш екенін атады. 

Мен өте ризамын, қуаныштымын. Бұл күнді ұзақ күттік, 2011 жылы кезекке тұрдық. Біз үшін бұл үлкен қолдау, - деді қуанышы қойнына сыймаған үш ұлдың анасы Айман Нұртаева.

Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау іс-шарасы жалғасады, жақында тағы да кезекте тұрған жүздеген жан баспаналы болады.

Өзгелердің жаңалығы