Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының кейбір фронт-офистерінің жұмыс кестесі сағат 20.00-ге дейін ұзартылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетованың айтуынша, негізінен фронт-офистердің жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ғана. Алайда, жұмыс істейтін қала тұрғындары «қызмет алуға үлгермейміз» деп жиі шағымданатын көрінеді. Халықтың тілек, ұсынысын ескерген мекеме кезекшілік ХҚО жұмысын іске қосып отыр.
Қызмет алушылардың талап-тілегіне орай Алматы қаласында «кезекші ХҚО» жұмыс істейтін болды. Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет алып үлгермеген азаматтар, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық ХҚО-жүгіне алады. Құжаттандырудан басқа барлық қызметтер сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі, – деді ол.
Ал автокөлік иелері үшін Түрксіб ауданы, Құлжа тасжолы, 9 км. «Керуен» тойханасы ғимаратында орналасқан Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №5 бөлімі 2 сағатқа ұзағырақ жұмыс істейтін болды.
Сондай-ақ қазір мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды түрде алуға болатынын ескерген жөн.