Алматыда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінді

22 Қыркүйек 2023, 15:53
1289
Бөлісу:
Алматыда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінді
Фото: автордан

Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы индустриалды аймақтағы өнеркәсіптің жұмыс барысымен таныстырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

БАҚ өкілдері «Бижан» ЖШС өндімдерін шығаратын кәсіп орынды аралады. Кәсіпорын жыл сайын сапалы шұжық пен ет өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарып отыр. «Бижан» компаниясының Қазақстанда 2 зауыты бар: бірі Алматыда болса, енді бірі Көкшетау қаласында. 

Біздің компанияға 25 жыл болды. Біздегі шикізат өнімі өз елімізден алынады. Көкшетау қаласында ірі қара, мал бордақылайтын орынымыз бар. Сол себепті шикізатты тасымалдау қиынға соқпайды. Еліміз бойынша екі зауыт бар. Көкшетау қаласында мал сою цехы, шұжық цехы, жартылай фабрикаттар және консерві цехы бар, Көкшетаудағы зауыт толығымен халал стандарты бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде серіктестіктің жеке бордақылау алаңы бар, онда ірі қара мен жылқы сатып алып, бордақылаумен, сондай-ақ жылына 3 мың бас жас малды күтіп-бағумен бордақылау базасын кеңейтумен айналысады. Ал Алматы қаласында 235 адам жұмыс істейді. Бізде жұмысшыларға барлық жағдай жасалған, түскі ас, киім, алып барып, алып кету қамтылған. Алматы қаласында 20 фирмалық дүкен бар, Астана қаласында 8 дүкеніміз бар. Өнім еліміздің барлық қаласында таратылады. Нарықта бәсекелестікке төтеп беріп отырмыз. Өнімдеріміз 18 күнге жарамды, бұл дегеніміз табиғи өнім екендігін аңғартады. Ал шетелден келетін ет өнімдерін қарасаңыз, 60 күнге дейін жарамды. Бұлардың құрамы күмәнді екенін аңғаруға болады. Бізде әртүрлі ет өнімдері жеке-жеке әзірленеді. Сол себептен өнімінің табиғилығына алаңдауға еш негіз жоқ, – дейді директордың орынбасары Бақытжан Қадырбаев.

Алматыда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қалалық филиалы «Кепілдендіру» бағыты бойынша кәсіпкерлердің 474 жобасына кредит сомасы 19,9 млрд.теңгені, ал кепілдіктер сомасы 9,2 млрд.теңгеге қолдау білдірді. 

Алматыда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінді

«Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС 2021 жылы тіркелген. Компания ПВХ өнімдерін өндіру бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Біз металл пластиктен кез келген күрделіліктегі витраждар, терезе және есік жүйелерін өндіру және орнату бойынша жұмыстарды орындаймыз. «Center Leasing» ЖШС арқылы өз қызметін кеңейту үшін компания Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестицияға қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 21,75%-дың 13,75%-ын құрайды. Жұмысшылардың жалақысы тұрақты төленеді. Жас жұмысшылардың саны артып келеді, егер жұмысқа құлшынысы жоғары жандар болса, жұмысқа қабылдаймыз, – дейді «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС директоры Андриянова Марина.

Алматыда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінді

Баспасөз туры «ZAMAN» элиталық қазақ мектебі» ЖШС жалғасын тапты. Мектепте халық педагогикасының озық дәстүрлеріне негізделген тиімді тәрбие жүйесі құрылған. Мектеп салу үшін компания «Bereke Bank» АҚ-нан қаржыландыруға өтінім беріп, «Басым жобаларды несиелеу және қаржылық лизинг тетігі» бағдарламасы бойынша жылдық 15%-бен несие алды, оның 9%-ын «Даму» АҚ Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (Исламдық қаржыландыру) шеңберінде «Al-Hilal Ислам Банкі» АҚ жылына 14%-бен несие алып, оның жылдық 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді.

Өзгелердің жаңалығы