Алматыда келесі жылдың соңына дейін салынатын нысандар таныстырылды

29 Мамыр 2021, 15:00
29362
Бөлісу:
Алматыда келесі жылдың соңына дейін салынатын нысандар таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар кәсіпкерлік нысандарын таныстырды. 

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қалада сауда және қызмет көрсету саласында барлығы 80-ге жуық жаңа жоба пайда болады.

Солардың бірі «Almaly Mall» сауда, ойын-сауық орталығы. Оны осы  жылдың қазан айында Бостандық ауданының Республика алаңында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жаңа сауда орталығында кемінде 70 сауда  алаңын жалға беру мүмкіндігі пайда болады. Одан кейін тағы бір жоба - Алмалы ауданындағы Oxygen Plaza бизнес орталығы маусым айында пайдалануға беріледі, - деді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, ғимарат аумағы 24 мың шаршы метрден асады. Бірақ шын мәнінде бұл қосымша 3,5 гектар жер, онда түрік инвесторлары Downtown Almaty салуды жоспарлап отыр екен.

Мұнда бизнес-орталықтар, люкс класындағы аппартаменттер және қонақ үй, молекулярлы ас үй мейрамханалары орналасады. 2021 жылдың желтоқсанында Медеу ауданында Құлжа трактінде MYCAR KZ автосалоны пайда болады. Біз ашық аспан астындағы автобазарлар форматынан ауысып жатырмыз. Бұл автосалон заманауи автомобиль орталығы, онда Алматы тұрғындары біраз уақыт мінілген автокөліктерді сату және сатып алу мүмкіндігін алады, - деді басқарма басшысы.

Жаңа кәсіпкерлік нысандары Алматының шет жақтарында салынады екен.

Мысалы, Солтүстік айналым ауданында 6 жоба іске қосылады. Олардың бірі аумағы 17 мың шаршы метр болатын «Рахат» базарында 120 сауда орнын ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Бұл жылытылатын, кондиционер жүйесіне қосылған, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар ғимарат. Базарларды заңдастыру тауар айналымын да заңдастыруды қажет ететінін атап өткім келеді. 6 базар бойынша тауар айналымын 400 млн теңгеге дейін арттыруды күтудеміз,- деді Оразалин. 

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыда әуежай бағытына қарай Құлжа тракті аумағында Aport Mall сауда, ойын-сауық орталығы пайда болады. Оның аумағы 150 мың шаршы метрді құрайды. 

Е. Оразалин 2022 жылдың қарашасында құрылыс материалдарын сату бойынша тағы бір Leroy Merlin гипермаркетін іске қосу жоспарланғанын хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы