Алматыда қатты жел соғып, ағаштар көліктерді басып қалды

4 Маусым 2021, 15:23
2145
Бөлісу:
Алматыда қатты жел соғып, ағаштар көліктерді басып қалды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-і қатты соққан желден 4 көлік үстіне ағаш құлағанын мәлімдеді.

Бүгін Алматыда жаңбыр жауып, оның арты қатты желге айналды. Сағат 12.30 шамасында «112» желісіне қатты соққан желдің әсерінен ағаштар мен бұтақтардың көліктерге құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Алматыда қатты жел соғып, ағаштар көліктерді басып қалды

Алмалы ауданында - 2 жағдай, Алатау ауданында 1 жағдай, Медеу ауданында орналасқан ғимараттың әрлеу бөлшектері  автокөлікке құлағаны  туралы- 1 хабарлама келіп түсті, жалпы  4 автокөлікке зақым келді.  Сондай-ақ, 109-құтқару қызметіне өту жолдарына, жаяу жүргіншілер аймағына және балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама  келіп түсті. 109 қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Барлық өтінімдер кезек тәртібімен өңделеді,-делінген хабарламада.

Алматыда қатты жел соғып, ағаштар көліктерді басып қалды

Қатты жел туралы Алматы қаласы ТЖД Қазгидромет РМК  2021 жылғы 03 маусымда хабарлаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы