Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда қарулы адам балабақша аумағына кірмек болған

24 Қыркүйек 2021, 13:00
7008
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Желіде қарулы адамның балабақша аумағына кіруге әрекеттенгені туралы видео тарады.

Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды, - дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасында болған.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар-жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылады, - деп хабарлады полициядан.

Өзгелердің жаңалығы