Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

13 Маусым 2023, 10:58
1221
Бөлісу:
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да клиниканың қабылдау бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

Қабылдау бөлімінде тираж жүйесі енгізілген. Ол келген науқастарды жоспарлы, өздігінен келген және т.б. санаттарға бөледі. 

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

Біздің пациенттеріміз еліміздің әр өңірінен келеді. Бұрындары қабылдау бөлімінде кезек күту жүйесіз болатын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа құрылғылар сатып алдық, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Дәрігерлеріміз де жаңа қабылдау бөліміне дән риза. Енді келушілер электрондық кезек талонын алып, кезегін таблодан көре алады. Кезегі келген сәтте дәрігерге қаралуға бара алады. Меніңше, еліміздің әрбір емханасына осындай жаңашылдық қажет. Жұмыс та жүйелі жүріп, тұрғындар риза болатын еді, – дейді Стратегиялық дамыту және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Нұрлан Әбдіқалиев.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. 

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

Олар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арбамен ғимаратқа емін-еркін кіріп, ішінде де алаңсыз жүре алады.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды

Кеңестік театр режиссері Константин Станиславский «Театр киім ілгіштен басталады» деген. Ал қабылдау бөлімі кез-келген стационардың «бет-бейнесі» деп ойлаймын. Қабылдау бөлімінің жөндеу жұмыстары 1-2 айдың ішінде жүргізілді. Бюджет есебінен ешқандай да қаржы алмадық. Азаматтардың жинаған қаржысы барлығына жетті. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Меніңше, қызметкерлердің көзқарасы, сыртқы келбеті ғана емес, сонымен қатар бөлімдегі тазалық пен жайлылық та медициналық ұйым туралы жағымды әсер қалдырады. Қаламызда осындай жайлы, жүйелі қабылдау бөлімдері көбейе берсін, – дейді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар клиникасында қабылдау бөлімшесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы