Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының маңызды бағыты - отандық бизнесті қолдау. Осы орайда ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысына сәйкес іске асырылатын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын атап өту қажет. Қазан айының соңында 47,9 млрд теңге сомасына 15 жоба мақұлданды. Сондай-ақ 62,5 млрд теңге сомасына 50 жоба қаржыландырылды, - деді Айтуар Қошмамбетов.
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы алаңында басым жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша жобалық кеңсе де құрылыпты.
Қаржыландырылған жобалардың ішінде жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуге 900 млн теңге алған «Масло-Дел» ЖШС, сондай-ақ, 400 млн теңгеге осы мақсаттарға «Центр правильного сна» ЖШС, ал «Nan dykeni #1 Хлебная лавка» жеке кәсіпкерлігі жаңа өндірісті іске қосуға 15,3 млн теңге сомаға қаржыландырды, - деді ол.
Бүгінгі таңда құжаттарды қарау және жинау кезеңінде құны 14,3 млрд теңге болатын 7 жоба тұр екен.