Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетілмек

31 Қаңтар 2021, 18:28
1453
Бөлісу:
Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. 

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

28 қаңтарға дейін қолданылған талаптар сақталады. Қаулы қабылданғанға дейінгі негізгі талаптар толығымен қайтарылады. Тек 28 қаңтарда қабылданған қаулыға түзетулер енгізіледі. Біз қазір құжат дайындап жатырмыз, түзетулер енгізіп, оны жақын арада жариялаймыз, - деді Байғабылов.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 1 ақпаннан бастап қалада коронавирустың кез келген түрімен ауырғандарды ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. 

Айта кету керек, бүгін Алматы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті.

Өзгелердің жаңалығы