Алматыда көпбалалы аналардың дүкені ашылды

26 Тамыз 2020, 20:36
2173
Бөлісу:
Алматыда көпбалалы аналардың дүкені ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Түрксіб ауданында "Isker ana" дүкені ашылды. Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Дүкенде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар аналарының қолжетімді бағамен сататын өнімдері қойылған. 

"Бақытты отбасы" орталығында көпбалалы аналар жаңа кәсіп түрін игеріп, қолжетімді гранттардың арқасында өз бизнесін аша алатын мүмкіндікке ие. Бұл дүкен — өнімді барлығы бірдей  тұтыну үшін  өткізуге  мүмкіндік береді.

дддд.jpg

Айта кету керек, барлық өнім "Іскер ана" Оқу орталығында дайындалады.  Ол "Бақытты отбасы" орталығы базасында жұмыс істейді. 

Орталықта тігін және киіз шеберханалары бар. Люневиль кестелері, құрак-көрпе, тоқыма, ұлттық киім тігу бойынша оқыту курстары өткізіледі. Ағымдағы жылдың тамыз айында, ғимаратқа  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа жабдықтар орнатылып,  техникалық жабдықтау кеңейтілді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Іскер ана" оқу орталығында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың аналары, мүмкіндігі шектеулі әйелдер бизнес және маркетинг бойынша оқыту курстарынан өтуде. 

Осы жылы Алматыда "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аясында, 117 көпбалалы және 574 аз қамтылған аналарға өз бизнесін ашу және бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін гранттар берілді.

Дүкен — Сүйінбай даңғылы, 263-үй мекен жайында, ыңғайлы көлік логистикасы бар, жалпыға қолжетімді жерде орналасқан.


Өзгелердің жаңалығы