Алматы, BAQ.KZ. Алатау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері "Алматыэлектротранс" № 3 автобус паркінің жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулар берілді.
Жиын барысында автобустардың салондарына, көліктерде өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы жадынамалар орналастырылды.Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Наурызбай ауданының экологиялық бекеттерінде Ақжар шағын аудандағы Жандосов көшесінің және Шұғыла ықшам ауданында Райымбек даңғылының бойымен қалаға келе жатқан автокөлік иелеріне көліктердегі өрттердің негізгі себептері қозғалтқыш бөліктеріндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болатындықтан электр сымдарының істен шықпауына назар аударуды ұсынды,-делінген хабарламада.Автокөліктегі өрттің алдын алу үшін жүргізушілер көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауы және уақытылы техникалық тексеруден өтіп, автокөлікте әрдайым өрт сөндіргіш болуы керек.
Айта кетсек, кеше Алатау ауданы Шаңырақ ықшам ауданында ЗИЛ "131" авто өртке оранған болатын. Өртті жедел сөндіруге резервуарларды салқындату үшін "Пурга-5" көбік оқпаны пайдаланылған. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 3 минутта сөндірілді.