Алматы, BAQ.KZ. Түнде Алматыда жауған қарды тазалау үшін 353 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
10 қараша күні Шымбұлақ аумағында қара аралас жаңбыр жауып, тау бөктеріне 35 см дейін қар түскен. Ал, Бутаковқа аймағындағы қардың деңгейі - 5 см.
Түн мезгілінде Алматы қаласы бойынша қар тазалаумен 353 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 186 бірлік тау мен қала маңындағы аймақтарды жұмыс жасады, 380 жұмысшы қар тазалаумен айналысты, - делінген хабарламада.Алматыда 10 қараша күні жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан болатын, қалада қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Болжам бойынша қар түстен кейін толастауы мүмкін.