Алматыда итті көлікке шынжырмен байлап, өлімші етіп сүйреткен

Қан-жоса болып жатқан иттің азаптанған видеосы пайда болды

 pixabay Бүгiн 2026, 12:35
Бүгiн 2026, 12:35
725
Фото: pixabay

Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетудің кезекті оқиғасы орын алды. Күдікті адам итті көлікке шынжырмен байлап, жол бойымен сүйреген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде қан-жоса болып жатқан иттің азаптанған видеосы пайда болды. Оның мойнындағы шынжыр көлікке байланған. Видео авторы иттің тірі екенін айтады. 

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, көлік құралының иесін анықтады. 

Ол жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласы Полиция департаменті жануарларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген дерегі заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, жан-жақты қаралатынын еске салады. Азаматтардың барлық өтініштері назарға алынып, құқық бұзушылар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін мысықты кір жуғыш машинада "жуындырған" иесі жауапқа тартылған болатын. 

Сондай-ақ, Өскеменде ер адам бесінші қабаттан күшікті лақтырып жіберген еді. 

Наверх