Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылғы 9 сәуірде Алматы Іскер әйелдер қауымдастығы қала қонақтары мен тұрғындарын «Наурыз мейрамы» көңілді мейрамын ұйымдастырады.
Дәстүрлі тағамдардан дәм татудан және әртістердің өнер көрсетуінен басқа «Mega Almaty» ірі сауда-ойын-сауық орталығының алдында Қауымдастық өкілдерінің бизнес-жобаларының ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтеді.
«Жұмыссыз әйелдерге арналған жұмыс» жобасы қазіргі таңда нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін курстарға жазылуға және іскер әйелдердің еңбек биржасы арқылы нақты жұмысқа орналасуға көмектеседі. Қиын жағдайға тап болған әйелдер SMM-ілгерілету, маркетинг, жеке бизнесін жүргізу, пішу және тігу курстары, шаштараз ісі, маникюр, педикюр бойынша оқытудан өте алады және Қауымдастықтың кадрлық резервіне енгізіледі.
Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы (бұдан әрі ҚІӘҚ) Қазақстан Республикасындағы бірінші әйелдер қоғамдық ұйымы болып табылады. 1995 жылы негізі қаланған ҚІӘҚ жұмыс істейтін әйел мәртебесін көтеруді мақсат етеді және өз қатарында 5000-нан астам адамды құрайды, сонымен қатар бүкіл ел бойынша өңірлік филиалдардың тармақталған желісі бар. ҚІӘҚ негізгі қызметі үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Әйел және бизнес», «Әйел және жұмыспен қамту» және «Әйел және қайырымдылық». Қазіргі уақытта Қауымдастық мүшелері үшін өз бизнесін дамытуға, өсуге және масштабтауға, қоғамдастық ішінде табысты коммуникациялар құруға және алға жылжуға мүмкіндік беретін басым бағдарламалардың бірі «Мастермайнд», «Менторинг» және «Іскерлік байланыстар» болып саналады.