Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция және Украинадан келген ішкі аурулар саласының мамандарының басын қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ішкі медицина мамандарының қазақстандық қауымдастығы және Ішек ауруларын зерделеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамы болды.
Конгреске онлайн және офлайн форматтарда 3300-ден астам маман қатысады. Қатысушылардың қатарына терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, кардиологтар, нефрологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар кіреді.
Негізгі мақсат - ішкі медицинаның өзекті бағыттарында тәжірибе алмасу және диагностика мен емдеудегі әлемдік үрдістерді талқылау. Іс-шара заманауи білім мен тәжірибені ықпалдастырудың есебінен Қазақстандағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.
Бағдарламаның аясында халықаралық сарапшылардың сөз сөйлеуі, панельдік пікірталастар мен практикалық сессиялар көзделген. Мамандар отандық дәрігерлердің тәжірибесіне озық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретін пәнаралық өзара іс-қимыл мен ауруларды емдеу тәсілдері мәселелерін талқылайды.