Алматыда ішімдік өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды

19 Мамыр 2020, 14:53
1799
Бөлісу:
Алматыда ішімдік өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қазақстан" коньягын қолдан жасап келгендерді ұстады.

Жедел-тергеу шаралары барысында ішімдік өнімдерін заңсыз жасайтын цех анықталды. Ол жерде "Қазақстан" коньягі  деген жалған марка жабыстырлған 0,5 литрлі 1040 шөлмек табылды. Сондай-ақ, әлі қолданылмаған 525 дана марка болды. Одан бөлек 2 канистр спирт, бос бөтелкелер, қақпақ және шөлмек қақпағын жабатын аппарат болды,-делінген хабарламада. 
Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 233 бабы 2 тармағы бойынша айып тағылып отыр.
Өзгелердің жаңалығы