Мегаполисте алты айдың ішінде жіті ішек инфекциясының 132 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Сауалнамаға сәйкес, науқастардың басым бөлігі үй жағдайында сапасыз тағам өнімдерін тұтынған, олардың дайындау технологиясы мен сақтау шарттарын бұзған, жеке бас гигиенасын сақтамаған. Инфекцияның негізгі таралу жолы – тағам арқылы. 2024 жылдың 6 айында Алматы қаласында жіті ішек инфекциясының 132 жағдайы тіркелді, оның ішінде 91жағдай (68,9%) – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖІИ-ның 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 5,76 құрайды,- деді Қасымхан Алпысбайұлы.