Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне шабуылдап, тонаған күдікті ұсталды

13 Қараша 2024, 15:43
379
Бөлісу:
Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне шабуылдап, тонаған күдікті ұсталды
VIDEO
Фото: Видеодан скрин

Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында орын алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаскөйдің олжасы 400 мың теңгені құраған.

Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады.

Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгендігі белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Өзгелердің жаңалығы