Жаңаөзен қаласынан келген 20 жастағы Әлімжан өте жоғары жүрек соғу жиілігіне, сонымен қатар күйдіру, қысым сипаттарындағы кеуде тұсы ауырсынуларына шағымданған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ота кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де жасалды. Жігіт миокард инфарктін бастан өткерген. Мұндай жүрек соғысы алғаш рет 1,5 жыл бұрын пайда болған, бірақ ол дәрігерлерге жүгінбеген.
Осы жылдың маусым айында жағдайы нашарлап, жедел медициналық көмек шақыру кезінде алдын ала жүректің ишемиялық ауруы, жедел миокард инфаркті, жүрекшефибрилляцияның пароксизмальды түрі диагнозы қойылған. Қосымша тексеру жүргізу кезінде туа біткен жүрек патологиясы (Вольф-Паркинсон Уайт синдромы) анықталды.
Инфарктінің қайталану қаупінің жоғары болуын ескере отырып, клиниканың аритмологтары науқасқа Ресей профессоры, м.ғ.д. Сергей Артеменконың басшылығымен операция жасады.
Біз Сергей Николаевичпен 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз, ол біздің дәрігерлермен бірге жүрек ырғағының бұзылуы бар ең ауыр науқастарға операция жасайды. Бізде бар жабдық әлемдік стандарттарға сайкеледі және ең күрделі операцияларды жасауға, диагностикалау дәлдігінің арқасында олардың тиімділігін арттыруға, болашақта қайталанатын операция жасауқажеттілігін азайтуға, кенеттен болатын өлім мен миокард инфаркті, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің дамуы, инсульт және т.б. асқынулардың санын азайтуға мүмкіндік береді, - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
3 апта ішінде 80-ге жуық операция жасалады. Оларға көрсеткіштер – жүрек ырғағының бұзылуымен байланысты туа біткен және жүре пайда болған патологиялар. Барлық клиникада мұндай озық жоғары технологиялық жабдық жоқ және осындай күрделі пациенттерге операция жасауға дайын емес.
Анықталған ауру, оның ерекшеліктерін ескере отырып, миокард инфаркті және сол жақ қарыншаның фракциясының төмендеуі оның өміріне қауіп төндірген. Сондықтан ҒЗИ бірінші басшысының құрамындағы консилиум ВС ЭФЗ және РЧА ДПП жасау туралы шешім қабылдады. Біз туа біткен патологиялық жолды жоя алдық. Операция сәтті өтті. Жергілікті анестезиямен жасалды және операция кезінде науқас есінде болды. Операция шамамен 2 сағатқа созылды, - дейді профессор.
Науқас операциядан кейін тез қалпына келді және өзінің жағдайы туралы айтып берді.
Мен операция жасауға келісім бердім, өйткені оны жасамауға болмады, әсіресе маған операцияны білікті мамандар жасайтынын айтты. Дәрігерлерге рақмет!,- деді жас жігіт.