Алматыда иесін қорғаймын деген ит пышақталды

3 Қаңтар 2024, 12:47
718
Бөлісу:
Алматыда иесін қорғаймын деген ит пышақталды
Фото: egov.press

Әлеуметтік желілерде екі адамның арасында жанжал шығып, салдарынан иттің пышақ жарақатын алғандығы белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚК-тің 316-бабының 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын хабарлайды. Күдікті – 1987 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Өз кезегінде ол иттің иесі екеуінің арасында туындаған ауызша жанжалдың нәтижесінде иттің иесі жануардың аузындағы тұмсықжабынын алып, өзіне қарсы жібергенін айтты. Күдікті өзін қорғауға мәжбүр болғанын түсіндірді. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады, – дейді полицейлер.

Өзгелердің жаңалығы