Алматыда хоккейден халықаралық турнир өтеді

15 Қаңтар 2024, 22:10
397
Бөлісу:
Алматыда хоккейден халықаралық турнир өтеді
Фото: olympic.kz

1 және 4 ақпан аралығында Алматыда Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирге 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Бір жыл бұрын турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өткен болатын.

Қатысушылар құрамы өзгеріссіз қалды, өткен жылғыдай Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан басқа, 18 жасқа дейінгі Беларусь командасы, 16 жасқа дейінгі Ресей және Ресей қыздар құрамасы қатысады. Матчтар айналымдық жүйемен өтеді, бұл ретте қыздар есептен тыс ойнайды. Негізгі хоккей турнирінен басқа, 3х3 турнирі өтеді.

Eurasia Jastar Cup кестесі:

1 ақпан, 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыздар

1 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18

2 ақпан, 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16

2 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар

3 ақпан, 11:30 – 3х3 турнирі

Қазақстан U18 – Ресей қыздар

Ресей U16 – Беларусь U18

3-орын үшін матч

Финал

4 ақпан, 12:00 – Беларусь U18 – Ресей қыздар

4 ақпан, 17:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ. Еске салайық, бір жыл бұрын біздің команда ІА дивизионында бірінші орынды иеленіп, 21 жылдан кейін жасөспірімдер хоккейінің элитасына оралды.

Жасөспірімдер чемпионаты 2024 жылдың 25 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Финляндиядағы Эспо және Ванта қалаларында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы