Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ХІІ Азаматтық форумы басталғанын мәлімдеді.
Күн тәртібінде - қала алдында тұрған міндеттерді жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы арқылы шешу. Онлайн-сессия барысында экология мен цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спорт мәселелері талқыланады,-деп жазды ол instagram-дағы парақшасына.
Қала әкімі сондай-ақ жаңа бастамалар талқыланатынын жазды.
Мегаполисті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді коммуникациялық алаңдардың бірі ретінде іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылады. Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, одағы жаңалықтарды біліп отырады. Жаңа интерактивті құрал азаматтық қоғамның басқару және шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтеді. Біздің әрқайсымыз Алматының өмірін жақсарту бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстардың бастамашысы бола аламыз,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.