Алматыда халықтың бюджетке қатысуы 33 пайызға өсті

21 Шілде 2022, 18:00
1524
Бөлісу:
Алматыда халықтың бюджетке қатысуы 33 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына өтініш қабылдау кезеңі аяқталды.  Биыл қала тұрғындарынан 1251 жобалық ұсыныс түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда келіп түскен өтініштердің саны 33 пайызға көбейген.  Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

2019 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет «Халықтың бюджетке қатысуы» пилоттық жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Мұндағы мақсат – тұрғындардың өз ұсыныстары мен бастамалары негізінде қала аудандарын абаттандыру. 2019 жылы Алматы тұрғындарынан 333 ұсыныс, 2020 жылы – 795 өтініш түскен. 2021 жылы алматылықтар 934 ұсыныс жіберді.

Осы жылдың 1 маусымында Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында  2023 жылы жүзеге асырылуы жоспарланған жобалық ұсыныстарға өтініш қабылдау басталған болатын. Тұрғындардан өтініш қабылдау 20 шілдеде аяқталды. Өтініш беру бойынша көшбасшылар: Алатау ауданы (204) және  Алмалы (171) аудандары.

Алматы қаласының аудандары бойынша жобалық ұсыныстардың саны:
№ Аудан Саны
1 Алатау ауданы 204
2 Алмалы ауданы 171
3 Әуезов ауданы 163
4 Бостандық ауданы 165
5 Жетісу ауданы 127
6 Медеу ауданы 128
7 Наурызбай ауданы 129
8 Түрксіб ауданы 164
Жалпы қорытынды 1251

Тұрғындардан аулалар мен қоғамдық пайдалану орындарын абаттандыру бойынша ұсыныстар көп түсті. Олардың ішінде спорт және балалар алаңдарын орнату-371, күркелер мен орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату және жөндеу – 324. Одан кейін саябақтар мен гүлзарларды жасауға, жөндеуге, көше жарығын орнатуға, тротуарлар салуға, көгалдандыру мен қоқыс тастайтын жерлерді жоюға бағытталған жобалар қамтылған.

Қазір бағдарламаның 2 кезеңі басталды. 21 шілде мен 12 тамыз аралығынла сарапшылар кеңесі өтінітердің критерийлерге сәйкестігін бағалауды және алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялауды жүргізетін болады. Жобалық ұсыныстарды пысықтау үшін авторларға 10 күнтізбелік күн беріледі. Келіп түскен өтінімдер сараптамалық іріктеуден және жалпы қалалық дауыс беруден кейін 2023 жылы іске асырылатын болады. Толығырақ ақпарат жобаның сайтында https://budget.open-almaty.kz.
 

Өзгелердің жаңалығы