Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары газға тегін қосылады

20 Қаңтар 2022, 17:12
1594
Бөлісу:
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары газға тегін қосылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 2 жыл ішінде газбен жабдықтау желілеріне 3,8 мыңнан астам тұрғын үй қосылды. Бүгінде тұрғындардың 99,2% орталықтандырылған газбен қамтылған. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев қалалық актив отырысында айтты.

Оның айтуынша, қазір 1497 тұрғын үй, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары газға қосылмаған күйінде қалып отыр. Алматы әкімі қала бюджеті есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларын газға қосуды тапсырды.

Сондай-ақ ол қаланың коммундалдық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасын табатынын жеткізді.

жылы Рысқұлов – Емцов жол айрығының құрылысы аяқталды, Алатау көшесін тесу, Абай бойынша қозғалыс ашылды, Таусамалы шағын ауданында Қонаев көшесін қайта жаңарту аяқталды, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағын ауданында, атап айтқанда Алғабас, Шаңырақ-5, Самғау, Өжет, Әлмерек, Қайрат, Нұршашқан, Құрамыста 65 шақырымды жаңа жол салынды, - деді әкім.

Сөз арасында ол биыл Бұқтырма – Құлжа жол айрығы бойынша жұмыстар аяқталатынын жеткізді. Одан бөлек Сейфуллин – Жансүгіров қиылысындағы қозғалыс ашылады. Әуезов көшесін тесу жұмыстары аяқталады, сайын көшесін тесу құрылысы жалғасады, Төле би көшесін тесу жұмыстары басталады. Алғабас, Әлмерек, Қайрат, Шұғыла, Ақжар және Шапағат шағын аудандарында 100 км жаңа жол салынады.

Өзгелердің жаңалығы