Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

9 Тамыз 2022, 17:25
1088
Бөлісу:
Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

Almaty Mount Fest Медеу мен Шымбұлақта 2-5 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстандық тау туризмі мен спортты насихаттауға арналған тау фестивальі төртінші рет өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы ашық ауада демалуды қалайтын әуесқойлар үшін тартымды орын болып саналады. Алматы шетелдік келушілерді орналастыру орындарына тіркеу бойынша жетекші қалалардың үштігіне кіреді, - деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов.

Әуесқойлар мен кәсіби спортшылар жоғары жылдамдықпен көтерілуге, жаппай серуендеуге, тау велосипедтерімен төмен түсуге және альпинизмге қатыса алады. Ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, фестивальдің барлық күндерінде 6 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. 

Фестивальге www.mountfest.kz арнайы сайтында тіркелуге болады.

Өзгелердің жаңалығы