Алматыда гонконг тұмауының бірінші жағдайы тіркелді

Мегаполоисте гонконг тұмауының алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 15 Қараша 2023 2023, 15:55
15 Қараша 2023 2023, 15:55
1452
Фото: - архив

Мегаполоисте гонконг тұмауының алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

А/Н3Н2 тұмауының екі расталған жағдайы, жедел ағымы бар жіті респираторлық ауру тіркелген. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. 

Эпидемиологиялық маусымның 45-ші аптасында А/H3N2 типті тұмау екі адамнан расталды. Пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайлары қалыпты. Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымның 40-шы аптасынан бастап тұмаудың В типі және А типі /H3N2  болған, барлығы 96 жағдай тіркелген еді, – дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Наверх