Алматы қаласының Медеу ауданындағы жеке үйден 25 литрлік 16 газ баллоны шығарылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға ТЖД департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
26 сәуір күні Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы Орынбор көшесіндегі жеке үйдің жануы туралы хабарламаға жоғары нөмір бойынша жіберілді. Алғашқы бөлімшелер 7 минуттан кейін келген сәтте, Шоқай көшесі бойындағы салынған шаруашылық құрылысының шатырының отқа оранғаны және өрттің Орынбор көшесі бойындағы орналасқан 2 қабатты жеке үйдің шатырына таралғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 32 адам және 10 техника жұмылдырылған.
Барлау және сөндіру барысында 16 газ баллоны эвакуацияланып, жарылыстың алдын алынды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 31 минут ішінде оқшауланды. Құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті жоюға жеке құрамның 32 адамы және 10 техника жұмылдырылды, – деді Алматы қалалық ТЖД департаменті.