Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің қатысуымен аспаздық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара аясында қатысушылар мәдениеттер бірлігінің символына айналған қазақтың дәстүрлі тағамы «Сірне» жасады.
Бүгін еркін форматтағы жиын болмақ. Әр ұлттың өзін ерекшелейтін ұлттық тағамдары бар. Ол халықтың болмысы мен тарихын айшықтайды. Сол секілді қазақ халқының ұлттық тағамдары еттен жасалады. Бүгін Қазақстанның білікті де табысты әйелдерімен қазақтың ұлттық тағамы - сірнені жасап, шеберлік сағатын ұйымдастырамыз. Бұл тағамды жасап отырып, көп ұлтты елдің бірлігі жайлы айтуды жөн санадық. Біздің әр түрлілігіміз бізді біріктіреді. Бұл біздің ерекшелігіміз деп айта аламыз. Қиын уақыттарда біз қазақ даласына келдік, қазақ халқы бізді құшақ жая қарсы алды. Сол уақыттан бері біздің ата-әжеміз, әке-анамыз, немерелеріміз Қазақстанда дүниеге келді. Біз өз дәстүрімізбен қазақ халқының дәстүр салтын бойымызға сіңірдік. Сол себептен біздің бірлігіміз елімізді нығатып, ынтымақтастығымызды артырып отыр деп айта аламыз,- дейді Парламент Сенатының депутаты Нүрия Ниязова.