Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтті

Бүгiн, 00:27
141
Бөлісу:
Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда республика сарайында МАМ қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған "Айналдым елім" атты концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті 85 жылдығына арналды.

Оның әндері патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл туындылар – Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.

Әнші шығармашылығындағы халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әні ерекше бағаланады. Бұл ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына қосылды.

Концерт аясында Ескендір Хасанғалиевтің бірқатар шығармалары орындалды.

Оркестрдің бас дирижері - мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Концертке белгілі қазақстандық өнерпаздар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы