Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «синтетика» саудалаған жас отбасының қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
24 жастағы азамат пен оның 20 жастағы серігі Приканальная көшесінде жедел қызметкерлердің назарына түсті.
Бір қарағанда, олар қараңғыда бірдеңе іздегендей көрінді. Бірақ іс жүзінде, есірткі тұтынушымен алдын ала келісілген жерлерде «скорость» деп аталатын синтетикалық есірткі затын жасырған. Жеке тексеру кезінде олардан аталмыш заты бар 15 түйір табылып, тәркілендіотбасы,– деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Қылмыс ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.