Екі шетелдік Прокофьев көшесіндегі үйдің ауласында есірткіні жарнамасын бейнелеген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара барысында 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстады.
Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктілерден тәркіленген орамдардың ішінде мефедрон есірткісі болған. Олар қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта Алматыға шөпті жеткізу арнасы және оны өндірудің ықтимал жолдары анықталып жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Есірткі сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.