Алматыда Esentai Mall сауда үйі қоршауға алынды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Алматы полиция департаменті аталған сауда үйдің неліктен қоршауға алынғанын түсіндірді.</h4>

10 Қаңтар 2020 2020, 18:39
АВТОР
 10 Қаңтар 2020 2020, 18:39
10 Қаңтар 2020 2020, 18:39
9354

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полиция департаменті аталған сауда үйдің неліктен қоршауға алынғанын түсіндірді.

 Департамент таратқан мәліметке сүйенсек, құқық қорғау органдарына Алматыдағы фаст-фудтардың бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланған.

Мұндай фаст-фудтың бірі Esentai Mall сауда үйінде орналасқан. Қазір бұл мәлімет бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, барлық жедел әрекет ету қызметтері бұл іс бойынша жұмыс істеп жатыр,-делінген хабарламада.

Кейінен Esentai Mall сауда үйінде жарылғыш зат табылмағаны айтылды. Енді қаладағы басқа тамақтану орындары тексеріліп жатыр.
Наверх