Алматыда ертең жылу беру басталады

Жылыту маусымын бастау кезінде қаланың сегіз ауданының әрқайсысында жауапты мамандар жұмыс істейді.

 pexels 8 Қазан 2026, 22:24
8 Қазан 2026, 22:24
221
Фото: pexels

Алматыда 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады.

Жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар жылу жүйесіне қосылады.

Жылыту маусымын бастау кезінде қаланың сегіз ауданының әрқайсысында жауапты мамандар жұмыс істейді. Тұрғындар жылуға қосылу мәселесі немесе ақаулар туындаған жағдайда аудан бойынша бекітілген мамандарға хабарласа алады.

Сонымен қатар өтініштерді көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдарға, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына және e-Otinish платформасы арқылы жолдауға болады.

Тұрғындарға өз ауданының байланыс нөмірлерін алдын ала сақтап қою ұсынылады.

Наверх