Алматыда ерекше көрме өтеді

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Суретшілер одағының галереясында опера әншісі әрі суретші Лаура Күнгейдің «Періштелер қаласы» атты көрме-концерті өтеді.</h4>

 26 Ақпан 2019 2019, 16:38
26 Ақпан 2019 2019, 16:38
3069

Алматы, BAQ.KZ. Суретшілер одағының галереясында опера әншісі әрі суретші Лаура Күнгейдің «Періштелер қаласы» атты көрме-концерті өтеді.

Ол өз жұмыстарын футболкаға басып шығару жөнінде Американың Fashion-индустриясындағы дизайнерлік компаниямен келіссөз жүргізген алғашқы суретші.


Вокал мен кескіндеу өнерін ұштастыра білген Лаура Кунгей академиялық вокал бойынша бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты.


Көрме барысында қылқалам иесінің туындыларын тамашалап қана қоймай, оның керемет дауысын да естуге болады.

Көрменің ашылуы 1 наурыз күні кешкі сағат 18:30-да болады.

Наверх