Алматыда ерекше автошоу өтті

22 Мамыр 2022, 16:10
1270
Бөлісу:
Алматыда ерекше автошоу өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматының «Астана» алаңында жаңа форматтағы ауқымды автошоу өтті. Іс-шараны көруге келген қала тұрғындары мен қонақтардың қарасы қалың. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Іс-шарада 156 түрлі көлік әкелінген. Оның ішінде қалпына келтірілген классикалық автомобильдер, жаңа автомобильдер, жоғары деңгейлі люкс үлгілері, спорттық автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ неміс автомобиль өнеркәсібінің аты аңызға айналған үлгілері де бар.

Спорттық авто фестиваль барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ кез келген адам мотобайкке мінуден тегін мастер-класс өткізіп, жоба демеушілерінен сыйлық ала алады.

Алматыда ерекше автошоу өтті

Сонымен қатар қайырымдылық шарасы да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, автошоуға байланысты Төле би (Абылай хан мен Панфилов) көше арасындағы жол жабық. Сондықтан көлік жүргізушілеріне уақытша шараға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұраймыз.
 

Өзгелердің жаңалығы