Алматыда ер адам тапсырыс беру пунктінің әйнегін сындырды

19 Желтоқсан 2023, 13:01
610
Бөлісу:
Алматыда ер адам тапсырыс беру пунктінің әйнегін сындырды
Фото: krispnews.kz

Алматыда белгісіз ер адам тапсырыс беру пунктінің терезесін сындырды. Оқиға камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі бейнероликте ақ жейде киген адамның жүгіріп келіп, әйнекті тепкенін көруге болады.

Халиуллин көшесі, 32 мекенжайы бойынша тапсырыс беру пунктінде белгісіз ер адам терезені сындырып, кетіп қалған. Бүгінгі күні терезені қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Дегенмен сындырған адамды тауып, жауапқа тарту керек деп санаймыз, – дейді бейнеролик авторы. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Аталған дерек бойынша Медеу ауданының ПІБ жанындағы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады. Күдіктілердің жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы қаласының полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы