Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам көпірден жолдың жүретін бөлігіне секірген.
Zakon.kz мәліметінше, куәгерлер Райымбек-Сейфуллин қиылысында болған оқыс оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.
Олардың сөзінше, ер адам мас күйінде болған. Биіктеу жерден секірсе де, ол тірі қалған. Ер адамды жедел жәрдем қызметінің қызметкері алып кеткен.
Кейбір ақпаратқа сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамның Алматы қаласында тұрғылықты жері болмаған.