Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан құлап кеткен. Оқиға орнында Бостандық аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Қаза болған адамның кім екені анықталды. Ол 1971 жылы туған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам бизнес орталықтың 12-қабатының кіреберісінің терезесінен секіріп кеткен, - деді қалалық полиция департаментінде.
Істің мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.