Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36-те болған. Әлеуметтік желілерде ер адамның балаларды соққыға жыққан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Видео «НеМолчи» қорының паракшасында жарияланған.
Ол ешкім көрмеуі үшін әдейі шетке карай ығысып тұрып алған. Видеода ол 10 жастағы балаларды ұрып жатыр. Бізде көршісі жасөспірім баланы ұрып жатқан тағы бір видео бар. Оны жақында жариялаймыз, - делінген жазбада.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр,- деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.