Алматыда ер адам аялдамада тұрғандарға шабуылдады

Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғындарға шабуыл жасап, балағат сөздер айтқан бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан скрин 13 Мамыр 2024 2024, 12:29
13 Мамыр 2024 2024, 12:29
2183
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғындарға шабуыл жасап, балағат сөздер айтқан бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Полицияның мәліметінше, ол мас болған.

Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқықбұзушы мас күйінде ұсталды, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наверх